Бас тақырыпРуханият

Арқа ақыны оза шапты

Жайық бойында екі күнге созылған «Тұғыры биік Тәуелсіздік» тақырыбында VІІІ «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы мәресіне жетті. «Nur Otan» партиясының қолдауымен Мәдениет және спорт министрлігі мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған өнер сайысына барлығы 20 ақын қатысып, бақ сынады.

Алғашқы кезеңде жерлесіміз Өміржан Көпбосын айтыстың жас жұлдызы, өскемендік Жұлдызай Маратбекқызын айқын басымдықпен жеңіп, ең жоғары ұпаймен екінші кезеңге өтті.

Финалдық кездесуде сахнаға бірінші болып көтерілген Өміржан ақын алматылық Қанат Мырзаханнан басым түсіп, өзінің мықтылығын көрсетті.

Айтыста қорытындысында қазылар алқасының шешімімен Айбек Қалиев пен Өміржан Көпбосынов III орын биігінен көрініп, 700 мың теңге жүлдеге ие болды.

Тағы бір жерлесіміз, «Айтыстың ақтаңгері», қарағандылық Дидар Қамиевке меценат Дулат Тастекеев ат мінгізіп, мерейін өсірді.

Өміржан Көпбосын қазақтың айтыс өнерінде өзінің айтқыштығымен, әншілігімен, айтысу мәнерінің өзгешелігімен ерекшеленіп жүрген дарын. Оның өлеңіне жазылған әндер де халықтың сүйіп тыңдайтын туындыларына айналған.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button