Жаңалықтар

AQYL білім беру депозиттері – болашақ кепілі

Бүгін әрқайсысымыздың және балаларымыздың болашағы тікелей білімнің деңгейіне байланысты. Алайда көптеген қазақстандық ата-ана баласының ЖОО-да оқуын төлеу мәселесін соңғы сәтке қалдырады, сөйтіп ақыр соңында банктен кредит не біреуден қарыз алып оны төлеп болғанша қиналады. Осы ретте ақшаны жоспарлы түрде жинақтау – үйде, банктің ұяшықтарда және әртүрлі депозиттерде жинау бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдарының бірі болуы мүмкін.

Депозиттер нарығында Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің шеңберінде іске асырылатын «AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан жыл сайынғы ақшалай көтермеленуінің арқасында ең тиімді қаржы құралы болып табылады.

«AQYL» білім беру депозиттері бұл:

1. Мемлекеттен жыл сайын ақшалай сыйлықақы алу

«AQYL» білім беру депозитіне банктің сыйақысынан бөлек жинақталған сомадан 5-7 % мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы есептеледі. Бұл ретте мемлекеттің сыйлықақысы мен банктің сыйақысы капиталға айналады, яғни негізгі салымға қосылады. Нәтижесінде, «AQYL» депозиттер нарығындағы табыстылығы ең жоғары депозит, сондықтан мемлекеттің осындай қолдауымен оқуға шығындарды едәуір азайтуға, сәйкесінше отбасылық бюджетке түсетін салмақты біршама жеңілдетуге болады.

2. Салымдардың кепілдендірілуі

«AQYL» білім беру депозиті 10 млн.теңгеге дейінгі сомаға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған. Осылайша, білім беру депозиттері толықтай қорғалған.

3. Өндіру шараларынан қорғалуы

«AQYL» білім беру депозиті мемлекет тарапынан, әрі үшінші тұлғалар тарапынан қандай да бір өндіріп алудан қорғалған. «AQYL» білім беру депозиттеріне ешқандай шектеулердің қойылуы және тыйым салынуы мүмкін емес.

4. Салымдардың мерзімділігін өз бетінше белгілеу мүмкіндігі

Салымшы ашылған депозитке жасалатын жарналардың мөлшері мен олардың жиілігін отбасылық бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай өзі белгілейді. «AQYL» білім беру депозиттерін кассалар, Nur&Pay интернет-банкинг арқылы, сондай-ақ картадан жинақтау шотына аудару арқылы толтыруға болады. Бұл салымшыға өте ыңғайлы, әрі бірталай уақытты үнемдейді.

5. Депозитті иелік ету мүмкіндігі

Егер депозит иесі немесе оның баласы грант бойынша ЖОО-ға түскен болса, ол қаражат жинақтауды білімнің басқа деңгейлеріне оқудың ақысын төлеу үшін жинақтауды жалғастыруға немесе мемлекет сыйлықақысымен бірге толық көлемде алып алуға құқылы, сондай-ақ қаражатты үшінші адамның (бауырлары, қарындастары) атына ашылған (ашылатын) «AQYL» білім беру депозитіне аудара алады. Мысалға, екінші баланың атына (бауырларына, қарындастарына).

Депозитті мақсатқа сай пайдаланбау не «AQYL» білім беру депозитін мерзімінен бұрын бұзу жағдайында салымшы есепке жазылған мемлекет сыйлықақысының сомасын мемлекеттік бюджетке қайтарады.

6. Білім алу орнын таңдауға шектеу қойылмайды

Жинақталған қорды Қазақстанның, сондай-ақ шетелдің ЖОО-ларында немесе колледждерінде, оның ішінде білім беру және тілдік курстарда оқудың ақысын төлеуге болады.

7. Жас ерекшелігі бойынша шектеу жоқ

«AQYL» білім беру депозитін жас ерекшелігіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматына техникалық, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін ашуға болады.

Айта кету керек, «AQYL» білім беру депозиті қатардағы қазақстандықтар үшін ғана емес, өз қызметкерлеріне корпоративтік-әлеуметтік бағдарламаларды іске асыратын компаниялар үшін де, сондай-ақ әлеуметтік жағынан әлсіз санаттағы балаларға көмектесуге ниетті меценаттарға да қызықты. Мысалға, осыдан екі жыл бұрын әлемге әйгілі спортшылар Илья Ильин, Серик Сапиев, Александр Левит елордалық балалдар үйінде тәрбие алатын балалардың атына білім беру депозиттерін ашқан болатын. Осы сияқты басқа да жағымды мысалдар баршылық.

Білім алуға қаражат жинау барлығының қолынан келеді. «AQYL» білім беру депозитін балаңыздың атына ғана емес, өз атыңызға да ашуға болады. Бүгінгі таңда 20 мыңға жуық білім беру жинақтау депозиті ашық. Бұл жарқын болашаққа кепілі бар адамдар десе болады.

Басқа материалдар

Back to top button