АймақҚарқаралы

Қапы қалмас үшін…

Қарқаралы таулы жер болғандықтан қар мол жауады. Көктем жақындап қалғанда күн күрт жылынып кетіп, қарғын суға қарық болу қаупі аудан орталығының өзінде жоғары. Сондықтан, қыстың соңындағы ашық күндері қала көшелерін тазалау дәстүрге айналған.

Сурет ұйымдастырушылардан

Жылдағы әдетпен Қарқаралы қаласының көше тазалығына жауапты төрт мердігер кәсіп­орын қар тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жұмысты олар өткен аптада бастаған болатын. Осы аптада жалғастырып, сәрсенбінің соңына дейін 2700 текше метр қарды қала сыртына шығарды. Әсіресе, көше жолдары, алаңдар, автотұрақтар, жаяужүргінші жолдары, мектептер мен балабақшалардың маңайы, Орталық саябақ пен қаладағы ескерткіштердің айналасы ерекше назарға алынды.

Маңызы үлкен жұмысқа 14 арнайы техника мен ондаған жұмысшының күші жұмылдырылды. Көше тазалығына жауапты мердігер кәсіпорындардың жұмысын Қарқаралы қаласы әкімінің аппараты үйлестіріп, іскерлік көрсетуде.

Ермек БАЛТАШҰЛЫ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button