Жаңалықтар

АПВ-ын бірге тоқтатайық!

Адам папилломавирусы (АПВ) — бұл әртүрлі мүшелердің терісі мен шырышты қабығына жұғатын вирус. Кейбір жағдайларда инфекция папилломалардың пайда болуына әкеледі. АПВ-ның 16 түрі жоғары онкогендік қауіп түрлері ретінде белгілі, шырышты қабық арқылы таралады және жатыр мойны обыры мен басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін.

Сурет anodkatod.ru

Вирус тез таралатындықтан және онкологияның даму қаупі жоғары болғандықтан қауіпті.

ВИРУСТЫҢ АДАМНАН АДАМҒА ТАРАЛУ ЖОЛДАРЫ:

* Тұрмыстық байланыс жолымен;

* Жыныстық жолмен;

* Туған кезде тік жолмен;

* Өз-өзіне жұқтыру арқылы.

БЕЛГІЛЕРІ:

  • Жыныс сүйелдері-дененің әртүрлі бөліктерінің терісінде немесе шырышты қабаттарында кішкентай өсінділер;
  • АПВ-ның жоғары онкогенді түрлерін жұқтырған кезде жатыр мойны жасушаларында қатерлі ісікке дейінгі өзгерістер дамуы мүмкін, олар тек медициналық тексерулерде анықталады;
  • Сүйелге бейімділіктің жиілігі – теріде АПВ-ның кейбір түрлерінен туындаған сүйелдер пайда болуы мүмкін.

Маңызды мәселе – АПВ инфекцияларының көпшілігі белгілерсіз (көзге көрінбейді) болып табылады және адам өзі білмей, вирустың тасымалдаушысы бола алады.

Бүгінгі таңда АПВ-ның емі жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация.

Әлемдік деңгейде АПВ вакцинасы өзінің қауіпсіздігін, тиімділігін дәлелдеді және жанама әсерлер тудырмайды.

ҚР Ұлттық күнтізбесіне АПВ-ға қарсы вакцинация енгізу еліміздің болашақ ұрпағының денсаулығын қорғаудағы маңызды қадам болып табылады.

2024 жылдың күзінен бастап тіркелген жері бойынша мектептерде немесе емханаларда 11-13 жас аралығындағы қыздарға АПВ-ға қарсы жоспарлы және түгендеу вакцинациясы жүргізіледі.

Бүгінгі таңда республика бойынша 11-13 жас аралығындағы 116 мыңнан астам қыз бала егілді.

Ата-аналар, балаңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз! Мен ата-аналарға дұрыс шешім қабылдауға кеңес беремін. Қыздарыңызды жатыр мойны обыры сияқты ауыр аурудан қорғаңыз.

Г.Т.ЖҰМАҒҰЛОВА

Шахтинск қалалық санитариялық– эпидемиологиялық бақылау

басқармасы басшысының м. а. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button