Бас тақырып

Аптаптың соңы – жаңбыр

Құтқару қызметі аймақта 40 градусқа дейін ыстық болаты­нын айтып хабарлама жіберге­ніне біраз болды. Температура 40-қа жетпесе де «Қазгидромет» қыз­меті 11-15 мамыр аралығында +35,0’С-ты тіркеді. Аталған қызмет мамандарының айтуынша, осы кезеңдегі мұндай ыстық соңғы рет 2004 жылы тіркеліпті. Ол кезде ауа температурасы +33,4 °C-қа дейін кө­терілген екен.

Сурет massaget.kz

Қарағанды метеостанциясының дерегінше, ауа температурасының аномалды көтерілуіне Иран аумағынан келген жылы ауа массалары әсер еткен.

– 1932-ші жылдан 2024 жылғы 9-17 мамыр аралығында ауа райының осылай қатты ысуы 2004 жылы тіркеліпті. Биылғы ыстық абсолютті температура саналады. 15 мамырда тіркелген көрсеткіш – 35,0’С. Осыған байланысты 11-17 мамыр аралығында Қарағанды және Ұлытау облыстары аумағында ескерту жарияланды. Алайда, 16 мамырдан бастап, облыс аумағында атмосфералық фронтальды ағындар әсерінен қатты жауын-шашын күтіледі. Ал, облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл болады. Ауа температурасы түседі деген болжам бар, – дейді метеоболжам бөлімінің басшысы Айжан Косубаева.

Осы орайда мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 60 жылда бір рет болатын ыстықтың келе жатқаны туралы ақпараттың жалған екенін айта кеткен жөн. «Қазгидромет» қызметі ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Жансая ОМАРБЕК,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button