Апаттан қаза тапқан кеншілерді соңғы сапарға шығарып салды
Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада апаттан қаза тапқан марқұмдардың жаназасын шығарды.

Бас мүфти жаназа рәсімінде қара жамылған отбасыларға көңіл айтып, сабырлық, жеңілдік тіледі.
«Уа, Алла Тағала! Отбасын асыраймын деп ауыр жұмыс барысында қаза тапқан кеншілерімізді өз мейіріміңе бөлегейсің. Иманын өздеріне серік еткейсің. Артында қалған жақындарына көркем сабыр бергейсің» деп дұға жасады ҚМДБ Төрағасы.
Кеншілерді соңғы сапарға шығарып салуға ел ағалары, зиялы қауым өкілдері де қатысып, қаза тапқандардың жақындарына сабырлық тіледі.
Айта кетейік, марқұмдардың жаназа рәсімі Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде және қалалық «Әл-Машани» мешітінде өтті.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ,