ЖаңалықтарРесми

Апат салдарынан жаңа қала жылумен жабдықтаудың төменгі режиміне ауыстырылды

22 – желтоқсан таңғы сағат 5.30-да  «Теплотранзитке» КамАЗ жүк көлігі Гоголь көшесінің бойында компенсатормен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен «Теплотранзит» ЖШС бригадасы тез арада 1000 мм диаметрі бар құбыржолында ақау барын анықтады. Бұл ақауды қалыпқа келтіру үшін жаңа қаланың тұтынушылары төмендетілген режимге ауыстырылды.

ПИК, МИБ және ЖМ жеке секторының тұтынушылары, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың нашарлау аймағына түсетін тұрғын үйлердің жылуына жауаптылар жылу желілерінің, үйішілік жылу желілерінің жай-күйін қадағалап, диспетчерлік жөндеу қызметінің өкілімен тұрақты байланыста болуы қажет.

Басқа материалдар

Back to top button