Бас тақырыпБасты тақырыпСпорт

Шахтинск қаласының спортшылары Азия ойындарына жолдама алды

Ферғанада өткен бокстан қыздар мен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде Шахтинск қаласының спортшылары апалы-сіңілі Камила және Аяулым Оспановалар өз салмақ дәрежесінде жүлделі бірінші орынға қол жеткізді.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Жарыста көршілес Өзбекстан, соның ішінде, Қарақалпақстан, сондай-ақ, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің былғары қолғап шеберлері бақ сынады. Ұлттық құраманың сапында шахтинскілік Камила мен Аяулым Оспановалар сынға түсіп, намысты қолдан бермеді. Оларды бұл сайысқа әкесі Жеңіс Оспанов баптап, жаттықтырыпты.

– Камила мен Аяулым екеуі де үш рет белдесті. Олар ақтық сында өзбекстандық боксшылармен жұдырықтасты. Олардың спортшылары өте мықты екені бесенеден белгілі. Дегенмен, қыздарымыз да қарап қалмады. Тұрақты дайындықтың арқасында олар жеңіс тұғырынан көрінді, – деді Жеңіс Оспанов.

Бұл жарыстағы жеңіс арқылы біздің спортшыларымыз қазан айында Бахрейнде өтетін Азия ойындарына қатысу мүкіндігіне ие болды. Онда Аяулым 63 келі салмақ дәрежесінде, Камила 75 келіге дейінгі салмақта додаға түседі. Азия ойындарында барлық салмақ санаттары ұсынылмайды, сол себепті де сайыстың мәртебесі жоғары.

Өз тілшімізден

Басқа материалдар

Back to top button