Антыңа адал бол жас сарбаз
Балхаш гарнизонына қарасты 15 шілдеде 31765 -әскери бөлімінде жас сарбаздар Әскери ант қабылдады. Сайдың серке тасындай қаз-қатар тізілген жас сарбаздар Отан алдындағы жауынгерлік міндетін адал атқару үшін жиналғандар алдында ант берді. Өткізілген іс-шараға Приозерск қаласы ҚР ҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы Тлек Кенжебеков және сарбаздардың ата-аналары қатысты.
Іс-шара барысында Әскери ант қабылдау рәсімінің маңызы туралы 31765 -әскери бөлімінің командирі подполковник Есенгельдинов Куандык Жумадирович сарбаздарға құттықтау сөзін жеткізді. Әрі қарай жас сарбаздардың арасынан мінберде сарбаздар атынан сөз сөйлеген қатардағы жауынгер Дауылбаев Ержан. Сондай ақ атаналар атынан Иртай Муслима мінберде құттықтау сөзін айтып, алдағы уақытта болашақ Отан алдында борыштарын адал өткізуін әрбір сарбаздың бірден бір парызы екендігі жөнінде сөз қозғады. Ал сарбаздар Әскери ант қабылдай отырып қызметтік міндеттерін адал және абыроймен атқаруға, еліне адал қызмет етуге, азаматтар құқығы мен бостандығын қорғауға ант берді. Іс-шара соңында жас сарбаздардың дайындаған өнерлерін тамашалап, ата-аналарымен естелікке суретке түсті.
Аталмыш ант қабылдау рәсімінен кейін сарбаздар түрлі әскери мамандықтарды меңгеретін болады. Жауынгерілк оқу-жаттығулар барысында шынығып, шымыр болып туған үйлеріне оралады.
Приозерск гарнизонының баспасөз хатшысы
лейтенант Думан Жұмашұлы.