Спорт

Антроповтың айтулы жеңісі

Қостанайда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында ел біріншілігі өткен болатын. Аталған чемпионатқа жерлестеріміз де қатысып, облыс қоржынына бес алтын, екі күміс және екі қола медаль салды. Сонымен қатар, Артем Антропов осы турнирде ел чемпионатының үш бірдей рекордын жаңартты.

Артем Антропов 109 келі салмақта өнер көрсеткен. Осы салмақта жұлқа көтеруден рекорд 219 келі еді. Жерлесіміз өз кезегінде 220 келіні бір, 231 келіні тағы бір көтеріп, жаңа рекорд орнатты. Бұл рекорд әлем рекордынан бар болғаны бір келіге ғана аз. Сонымен қатар, Артем жұлқа көтеруден және серпе көтеруден 401 келіні бағындырып, қоссайыс нәтижесінде тағы бір жаңа рекорд тіркеді.
Аталған турнирге барған спортшылардың қатарында жоғары спорт шеберлігі мектебінің, Ә.Молдағұлова атындағы олимпиада резервінің мектеп-интернат-колледжінің және облыс­тық кешенді спорт мектебінің де спортшылары бар. Солардың қатарында Нұрбол Ешімбеков 55 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль иеленді. Әрі халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанды. Дәл осы салмақта сынға түскен Никита Грамачков күміс медаль еншілеп, спорт шебері нормативін орындады. Одан бөлек, 59 келіде – Дарья Балабаюк, 45 келіде – Олеся Теренюк, +87 келіде Любовь Ковальчук алтын тақты.
Ал, 96 келіде бақ сынаған Кирилл Староверкин күміспен күптелсе, 61 келіде өнер көрсеткен – Александр Бабенко, +109 келідегі Владимир Измайлов қола жүлдегер атанды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Сурет дене шынықтыру және спорт басқармасынан

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button