Антисептикті үй жағдайында дайындаудың 3 тәсілі
Елдегі коронавирус ахуалына байланысты дәріханалар мен дүкендерде қолды таза ұстауға арналған антисептиктер тез таусылып жатыр. Ал кішігірім елді-мекендерде тіпті қалмаған. Десек те, мұндай антисептикті үй жағдайында жасап алуға да болады.
1-рецепт:
– 50 мл 90% медициналық спирт;
– 30 мл глицерин (денсаулыққа, техникаға қолдану үшін әртүрлі майдан жасалатын ақшыл сұйық зат);
– Кез келген эфир майынан 5 тамшы (апельсин, грейпфрут не жалбыз);
Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.
2-рецепт:
– 50 мл су;
– 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл);
– 30 мл глицерин;
– 5 тамшы лимонның эфир майы;
Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.
3-рецепт:
– 7 тамшы шай ағашының эфир майы;
– 50 мл спирт тұнбасы (түймедақ, дәрілік қырмызыгүл);
– 1 ас қасық алоэ гелі;
Бәрін араластырып, дозаторы бар бөтелкеге құямыз.
Дереккөз: Baq.kz