Жаңалықтар

Антенна-діңгектер облыстың 21 елді мекеніне интернет жеткізеді

Облыс билігі ауыл тұрғындарын интернетке қолжетімді ету үшін 2023 жылдан 2025 жылға дейін екі жобаны – антенна-діңгек құрылыстарын салу жолымен РРЛ (радиорелелік желілер) технологиясы бойынша үй интернетімен қамтамасыз етуді іске асыруды жоспарлап отыр.

 

Бастапқы жоба бойынша «КаР-Тел» ЖШС (Билайн) және «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Алтел/Теле2) ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін антенна-діңгек орнатылатын 21 елдімекен арнайы тізімге қосылды.

Екінші жобада облыстың 10 елдімекенін үй интернетіне қосу көзделуде. Нұра ауданының Тікенекті, Талдысай ауылдарын қосу үшін қаржы қарастырылған. Жыл соңына дейін Нұра интернетке қосылмақ. Қалған сегіз ауылды 2024 жылдың соңына дейін қосу межеленді.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button