Ресми

Қандастар мен Қазақстандағы шетелдіктердің баласы Ұлттық қордан қаржы ала ма?

Қандастар мен шетелдіктердің балалары Қазақстан азаматы болса, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында қаражат ала алады. Бұл туралы Қаржы министрлігінің өкілі Айбол Арғынғазин мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Сурет: taulik.kz сайтынан

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 18 жасқа толмаған балалардың шотына Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаржы түседі.

Телеарна мәліметінше, елімізде кәмелет жасқа толмаған 7 миллионға жуық бала бар. Олар ол ақшаны білім алуға немесе ипотекалық қарызын өтеуге, бастапқы жарна арқылы баспана алуға жұмсай алады.

Қаржы кәмелетке толған баланың шотында 10 жылға дейін тұрады. Ақшаны қолданбаған жағдайда зейнетақы шотына аударылады. Егер бала кенеттен қайтыс болса, шоттағы қаржысы ата-анасына немесе бауырларына беріледі. Қаржы министрлігінің өкілі Айбол Арғынғазиннің айтуынша, тарихи отанына оралған немесе Қазақстан азаматтығын алған балалар да “Ұлттық қор – балаларға” жобасы аясында ақша алады.

– 18 жасқа толмаған баланың барлығына бірдей сома аударылатын болады. Кәмелет жасқа 2024 жылдың ішінде толатын балалар сол қаражат түскен кезден бастап өтінімдерін беріп, өздерінің мақсатты нысаналы пайдаланатынын растайтын құжаттарын көрсете отырып, ары қарай қаражатты пайдалана алады, – деді ҚМ бюджеттік кредиттеу, ұлттық қор және қаржы секторы мәселелері жөніндегі өзара іс-қимыл департаментінің директоры Айбол Арғынғазин.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button