АймақБұқар жырау

Аналарға арналған поэтикалық кеш өтті

Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде Халықаралық әйелдер күні алдында “Әлемнің мәні–әйелмен” поэтикалық кеші өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бұл мерекелік кешке аудан тұрғындары, аналар мен арулар қатысып, нәзікжандыларға арналған жылы лебіздер мен жүрекжарды құттықтаулар айтылды.

Шара барысында жергілікті өнерпаздар әйелдің қоғамдағы орны мен маңызын дәріптейтін поэзиялық шығармалар оқып, театрландырылған көрініс ұсынды. Кештің арнайы қонағы , танымал әнші Қуандық Рахым сахна төрінде ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button