АймақБұқар жырау

Қанағаң қызының құрметіне

Бүгін Бұқар жырау аудандық балалар кітапханасында қазақ ғылымының атасы Қаныш Сәтбаевтің қызы, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі,Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор Шәмшиябану Сәтбаеваның (1930-2002 ж.ж.) туғанына 95 жыл толуына орай әдеби кеш өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Қазақ әдебиеттану ғылымында өшпес із қалдырған Шәмшиябану Сәтбаеваның есімі әлем әдебиеті байланыстарының өзекті проблемалары,қазақ әдебиетінің тарихы мәселелерін зерттеген бағалы еңбектерімен республикамыздың, ТМД елдерінің ғылыми қауымына кеңінен мәлім. Оның әдеби байланыстарды зерттеу мен Абайтануға қосқан үлесі зор. Ғалымның “Әдеби байланыстар”, “Өрнекті өріс”, “Әдебиет мерейі, “Пушкин және Абай”, “Абайдың “Ескендір” поэмасы, тағы басқа монографиялары ел ғылымы үшін үлкен олжа болып саналады. Өз әулеті жайында жазған “Сәулелі әулет” , “Әбікей Сәтбаев” атты кітаптары да көптеген деректерімен құнды.

Аудандық балалар кітапханасында “Шәмшиябану Сәтбаева – қазақ қызының абыройы” тақырыбында өткен әдеби кеште жас оқырмандар Қанағаңның ғалым қызы Шәмшиябанудың өмірі мен ғылыми еңбектері туралы осындай маңызды мағлұматтар алып, кітапхана қызметкерлері оларға жадынамалар таратты.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button