Әдебиет
Ана
Жаз ыстығын, күз суығын өңгерер,
Сол болмысқа жан бар ма екен тең келер?!
Есейсекте еркелейтін қашанда,
Біз бақытты Анасы бар пенделер.
Пейіш қайда ғарышта ма ғаламда?!
Маған қызық сол құпия сағанда,
Жақсылық пен жақсы үміттің жаршысы,
Жұмақ кілті аспанда емес Анаңда!
Ол болмаса біз әлемді сүймесек,
Перзент үшін шоққа айналар күй десек,
Қанша нәубет жасырып тұр десеңші,
Ақ шаштарын тұмшалаған кимешек!..
Сенің анаң, менің анам бәрі Ана,
Ол аяулы ханға мейлі қараға,
Көз жанардың қуанышы боп мәңгі,
Сен жасай бер, өмір гүлім ЖАН АНА!
Аида ТАЙТӨЛЕУҚЫЗЫ,
№10 мектептің мұғалімі.
ҚАРАҒАНДЫ қаласы.