Балқашқа қарасты Саяқ кентінде дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Медициналық ұйым Ащыөзек елді мекені сияқты жақын маңда тұратын екі мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетеді
Амбулаторияда емделушілер үшін қолайлы жағдай жасалып, медициналық қызметкерлердің ыңғайлы әрі сапалы қызмет көрсетуіне мүмкіндік беріп отыр. Медициналық нысан толықтай жаңа жиһаздармен, қажетті жабдықтармен, медициналық құрылғылармен қамтылды. Күндізгі стационар, балаларға арналған кабинет, сүзгі орны және өзге де бөлмелер ашылып, заманауи құрылғылар қойылды. Атап айтқанда, физиотерапия және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи жабдықтар сатып алынды. Баланы дамыту кабинеті ашылды, онда медбикелер жас аналарға сәбиге күтім жасау, тамақтандыру бойынша бағыт-бағдар береді.
Айта кетейік, енді ауыл жұрты жарық және жылы ғимаратта медициналық көмек пен ем алады. Бүгінде үш дәрігер мен жеті медбике халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Нұрдос КӘРІМ.
БАЛҚАШ