«AMANAT» партиясының облыстық филиалында партияның депутаттық фракциясы өтті
Отырыста еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму бағыттары талқыланып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген бастамаларға назар аударылды.

Сонымен қатар, партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының тармақтарын жүзеге асыру барысы сарапқа салынды. Келелі басқосуға облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев және оның орынбасарлары, облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттары, қала мен аудан әкімдері, бағдарламалар әкімшілері мен мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыста сөз сөйлегендер мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары мен партия бастамаларын өңірлік деңгейде іске асыру мәселелеріне тоқталды. Сонымен қатар, сайлауалды уәделердің орындалуы мен қоғамдық бақылау механизмдерін күшейту жолдары да мұқият қарастырылды. Жиын қорытындысында қатысушылар өңірдің дамуына серпін беретін нақты шараларды бірлесіп атқаруға уағдаласты.
–2023-2025 жылға арналған Жол картасының жүзеге асу барысын талқыладық. Оның барлық бағыты халықтың әл-әуқатын жақсартуға бағытталған. Оның ішінде медицина тақырыбын алсақ, мәселен ауылға білікті жас мамандарды тарту қолға алынған. Бұл жерде басты мақсат – тергеп-тексеру емес, бірлескен жұмыс арқасында елдің дамуына үлес қосу. Мемлекет басшысы Жолдауы аясында да жеті түрлі мәселені қозғады, оның барлығының әдістерін жан-жақты жүзеге асырып, жаңа технологияны пайдалануымыз тиіс, – дейді облыстық мәслихат депутаты, “Қарағанды су қоймалары” коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Мира Махатчина.
Аяулым СОВЕТ