Жаңалықтар

Аmanat партиясы ұландарға алғысын білдірді

«AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбеков, облыстық мәслихат депутаттары Ғани Тоқсанбаев, Владимир Шнель, партияның Қарағанды қалалық филиалының төрағасы Юлия Бадина Ұлттық ұланның 5451 әскери бөлім жеке құрамына салтанатты түрде Алғыс хат табыстады. Аталмыш шара Қарағандылық ұландардың Атырау облысында су тасқыны кезінде көмекке дер кезінде жетіп, бір ай көлемінде жасаған ерен еңбектерінің құрметіне өткізілді.

Суреттер автордан

– Біздің жауынгерлер барлық ауыртпашылыққа төтеп беріп, өздерінің міндетін абыроймен атқарып келді. Алапат су тасқыны күн сайын ұлғая бастап, әр сағатымыз маңызды болды. Бір ай көлемінде әскерилер Атырау облысының бірнеше аумағына бөлініп атқарды, – деді бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Өміржан Ғабит.

Шара барысында халық қалаулылары  ұландықтарға ұжымдық сыйлықтар табыстап, мадақтама грамоталарымен марапаттады.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button