Амалдан – амалға аман жетейік!
Амал мерекесін Н.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ұжымы көтеріңкі көңіл күйде қарсы алуда.
Ұлттық киімдегі қыздардың мерекелік шашуы думанның сәнін ашты. Қарағанды жоғары политехникалық колледжінің «Ұшқын» шығармашылық жастар ұйымының мейрамға дайындаған Наурыз басы атты театрландырылған қойылымы көптің қошеметіне бөленді.
Кітапхана ұжымы мейрамға арнайы «Нұрәсем» сән үйінің «Сарыарқа өрнектері» топтамасын ұсынуда.
– Биыл Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бойынша Наурызнама онкүндігі жарияланған болатын. Ежелгі дәстүр бойынша Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына апта қалғанда Амал мерекесін тойлайды. Оның әр күні белгілі бір тақырыпқа арналып, 14 наурыз күні тойланатын «Көрісу – Амал» мерекесі Ораза айымен тұспа тұс келді. Амалдан амалға аман-есен жетейік! Бәрінізге құтты жыл болсын!, – деп атап өтті кітапхана қызметкерлері.
Мереке аясында жастардың сауық-сайран құруы үшін таптырмайтын ойындар ойнатылуда.
Аяулым СОВЕТ,
Ortalyq.kz