Қалыс қалма, қатыс!

30 қыркүйекте Қарағандыда «Менің спорттық отбасым: әкем, анам және мен» жарысы өтеді. Ұйымдастырушылар – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Кеншілер мәдениет сарайы.

Жарысқа 7 жастан 12 жасқа дейінгі екі баласы бар ата-аналар қатысады. Спорттық жарыстар жеңіл атлетика манежінде (Комиссаров көшесі, 45а) өтеді және World Athletic жеңіл атлетика федерацияларының халықаралық қауымдастығының ережелері бойынша өтеді. Бағдарламада: секіртпемен секіру, айқастыра секіру, допты лақтыру, найза лақтыру, «Формула-1» эстафетасы, бірнеше рет секіру, барьерлік жүгіру, «Джампинг-Джек-10».Жарысқа қатысу үшін команданың бірыңғай спорттық формасы (бірдей футболкалар) болуы керек.

Жарыс ережесімен @ dkg_krg Instagram-парақшасында танысуға болады.

Өтінімдер 28 қыркүйекке дейін dkg_11@mail.ru электрондық поштаға қабылданады.

Жеңімпаздарды грамоталар, медальдар және ақшалай сыйлықтар күтеді.

Анықтама телефондары: (8-7212) 41-27-26, 8-707-121-83 99, 8-708-294-15-36.