Білім

Ғалымдар қоғам қайраткерімен кездесті

Қазақстанның қоғам қайраткері, депутат әрі академик Қуаныш Сұлтанов Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей, облыстық мәслихат депутаты Рымбала Омарбекова қатысты. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Дулатбеков сөз алып, қайраткердің Қарағандымен байланысты өмірбаянына тоқталды. Кездесуде Қуаныш Сұлтанұлы Евней Арыстанұлының 100 жылдығы аясында Қарағанды университетінің оқытушыларының және студенттерінің сұрақтарына жауап берді.

Қоғам қайраткері Президенттің ғалымдарға айтқан ойларын негізге ала отырып, жаңашылдықтармен бөлісті.

Зерттеу университетінің ғалымдарымен кездесіп, жас ұрпаққа өнеге болатын өмір жолынан үзінділер айтты.

– Студенттер, жас ғалымдар – сіздермен жүздесу мүмкіндігі туғанына қуаныштымын. Евней Бөкетовпен тікелей кездеспесем де, жас кезде еңбектерін оқып, өмір жолына қызығып қараған ұрпақтың өкілімін. Евней Арыстанұлы оқу орнының гүлденуіне еңбек етті. Сол кездегі студенттер бүгінде үлкен азаматтар. Сіздерді де көптеген мемлекеттік қызметтер күтіп тұр. Цифрландыру дейміз, біздің кезімізде ұялы телефон да болған жоқ. Қазір заман дамыды, қоғам қарыштап дамуда. Жастардың дамуы үшін барлық жағдай жасалған, – деп атап өтті Қуаныш Сұлтанов.

Аяулым СОВЕТ,
ortalyq.kz

Суреттерді түсірген автор

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button