Жаңалықтар

Альварес Головкинмен айқас алдында бапкерінен бас тартты

Мексикалық Сауль “Канело” Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек алдында командасындағы екі бапкерді ауыстырды.

Бұл туралы  Mundo Deportivo басылымы жазды.

Ресейлік Дмитрий Биволдан жеңілістен кейін мексикалық жұлдыздың командасында айтарлықтай өзгеріс болған. Мәселен “Канелоның” физикалық дайындығы бойынша бапкері Мунир Сомойя қызметінен кетті. Сонымен қоса Эдди Рейносоның оң қолы болып жүрген Замир Лозано да боксшының командасынан кетеді екен. 

Головкин – Альварес жекпе-жегі 17 қыркүйекке жоспарланған. Бұл айқас Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтеді. 

Басқа материалдар

Back to top button