Жаңалықтар

Алтын жұлдыз иеленді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттап жүрген Серік Қамбар – «Қазақстан Республикасының Алтын жұлдызы» марапатын иеленді. Тәуелсіздік жылдары өз мамандығының хас шебері атанып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азамат ретінде арнайы жүлде мен Алтын жұлдыз куәлігін алды.

Суреттер кейіпкердің жеке мұрағатынан

Серік Қамбар 1947 жылы Алматы облысы, Жалаңаш ауданында дүниеге келген. Жамал Ермегияев атындағы орта мектепте білім алып, орыс мектебін бітірді.

1960 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Қарабұлақ совхозына көшіп келіп орталық қойма меңгерушісі және комсомол хатшысы болып қызмет атқарды.

Серік Қамбар – өмірде түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарумен және әрбір істеген игі ісі үшін Алғыс хаттармен марапатталған азамат. Өзінің өмірлік тәжірибесін елінің игілігіне жұмсаған білікті маман. Әр ісіне жауапкершілік танытып, көңіліне мейірім мен жүзіне жылулық ұялату арқылы халық алғысына бөленіп жүр.

– Біз Серік ағамыздың өнегелі істерінен ғибрат аламыз. Отанға адал қызмет етудің, отбасыға жанашыр әке, ақылшы ата бола бәлген оның әр сөз тағылымға толы. Осындай айтулы азаматпен жерлес екенімізді мақтан етеміз, – дейді Шет ауданның тұрғыны Аманбол Тәжібеков.

Аружан СЕРІКБАЙ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті журналистика бөлімінің ІІ курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button