Бас тақырыпБасты тақырып

Шет ауданында «Алтын тұңғиық» кітабының тұсауы кесілді

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Президенттік арнайы әдеби сыйлықтың иегері Жәнібек Әлиманның туған жері Шет ауданы Ақсу-Аюлы мәдениет үйінде шығармашылық кеші өтіп жатыр.

Суреттер автордан

Әдеби кеште аудан басшысы Мұхит Мұхтаров, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иесі, жазушы Өмір Кәріп, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Ғалым Жайлыбай, әлем чемпионы Дәрібай Оспанов жас ақынның «Алтын тұңғиық» кітабының тұсауын кесті.

Туған жерге үлкен сағынышпен келген Жәнібек Әлиман мәртебеленіп өлеңдерін оқуда. Шырайлы кешті ақын Тілеген Әділов тізгіндеп отыр. Дәстүрлі әннің дүлдүлі Ержан Базарбеков «Тау ішінде» әнін тамылжыта орындады.
Жазушылар Одағының облыстағы филиалының басшысы Жанат Жаңқашұлы, белгілі ақын Дәурен Берікқажыұлы шығармашылық кешке құтты болсын айтып, өлеңдерін оқыды.

Қасымхан ҒАЛЫМ,

“Ortalyq Qazaqstan”

Басқа материалдар

Back to top button