Ресми

«Алтын Сұңқар» иегерлері анықталды

БАҚ қызметкерлері күні мерекесі қарсаңында жыл сайын берілетін облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйлығы өз иелерін тапты. Биылғы жылы байқау ережелеріне біршама өзгерістер енгізіліп, іріктеу екі кезеңнен өтті. Биыл бұл сыйлыққа 140-тан астам өтінім келіп түскен көрінеді.  «Қарағанды журналистикасының дамуына қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы биыл 85-жылдығын атап өткелі отырған «Ақтоғай» аудандық «Aqtogai Ajary» газетінің ұжымына бұйырды.

Суреттер: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Бірінші кезеңде үміткерлер арнайы интернет-ресурс арқылы өтінім берді. Осы кезеңнің қорытындысы бойынша осы салада жүрген аймақтағы журналистер үміткерлерге дауыс берген болатын. Әр номинация бойынша көп дауыс жинаған 3 үміткер іріктелді.

Ал, екінші кезеңде арнайы құрылған комиссия әр номинация бойынша іріктелген 3 үміткердің ішінен жеңімпаздарды анықтады.

Салтанатты шарада облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев сөз алып, БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

– Сіздерді кәсіби төл мерекелеріңізбен құттықтаймын! Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің жұмысы қоғамда өте өзекті. Сіздердің халыққа ақпарат жеткізуде үлкен енбектерініз бар. Жасаған жұмыстарыңыз үшін рақмет айтқым келеді. Сіздерді өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!, – деді аймақ басшысы.

«Алтын Сұңқар» сыйлығының 10 номинациясы бойынша барлығы 10 журналист және 1 жеңімпаз облыс әкімінің арнайы сыйлығына ие болды.

  1. «Мамандыққа адалдығы үшін» номинациясы – «5 арна» ТА директоры Елена Алексеевна Строчковаға;
  2. «Белсенді өмірлік ұстанымы үшін» номинациясы – «Бірінші Қарағанды» ТА редакторы Тен Андрей Тимофеевичке;
  3. «Объектив шебері» номинациясы – «Астана» телеарнасының облыстағы бейнеоператоры Жанайдар Нұрахметұлы Рахымжановқа;
  4. «Ауыл тақырыбын үздік жариялау» номинациясы – «SARYARQA» КОФ редакторы Жанбота Сүндетұллаұлы Елубаевқа;
  5. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялау» номинациясы – «Ratel.kz» интернет-порталының тілшісі Анастасия Константиновна Багроваға;
  6. «Өндірістік тақырыпты үздік қамту» номинациясы – «Хабар 24» республикалық телеарнасының Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі Бағдаулет Дәуренбекке;
  7. «Алғашқы жетістіктері үшін» номинациясы – «Life09» ақпараттық агенттігінің шығарылым редакторы Майкен Жанайдар Балқашұлына;
  8. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» номинациясы – «Temirtau tynysy» газетіне;
  9. «Мәнері мен атқарымдылығы үшін» номинациясы – «Atameken business chanel» республикалық арнасының корреспонденттік пунктінің бейнемонтажері Рақышева Айнұр Бексұлтанқызына;
  10. «Әлеуметтік желілердегі өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» номинациясы – «VK gazeta» паблигінің әкімшісі Жетенов Ерлан Болатұлына бұйырды.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button