Спорт

Алтын, қола қос-қостан

Қырғызстанның Шолпон-Ата қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан Әлем кубогі өтті. Жер шарының 10 елінен палуандар жиналды.

Қырғыз елінде ел абыройын асқақтатып, қоржынға қос алтын, төрт қола медаль салғандар қатарында 64 келі салмақта қарағандылық Жандос Бейсенбаев бар. Ол өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, жеңіске айқын басымдықпен жетті. Сонымен қатар, 71 келі салмақ сапында Дидар Тұқышев қола жүлде иеленді. Ал, қазақстандық құраманың тағы бір мүшесі Асылжан Орынбасаров 65 келіде алтын алды. Сондай-ақ, 72 келіде Фариза Нұрсейітова және Назерке Дәулетжан қолаға қол жеткізіп, жанкүйер қауымға тамаша жеңіс сыйлады.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button