Спорт

«Алтын» дуэт

Жақында Ресей астанасы Мәскеу қаласында спорттық гимнастика бойынша халықаралық турнир өтті. Ол жарыста жерлестеріміз Дилара Байбакушева мен Жеңіс Диас сәтті өнер көрсетті.

Сурет облыс әкімдігінің сайтынан

Аталған дуэт алтын медаль жеңіп алды. Дарынды балалар тұғырдың жоғарғы сатысына көтеріліп, Ресей мен Беларуссияның ең үздік деген акробаттарын шаң қаптырды.
Сонымен қатар, қола жүлдені әйелдер жұбы Софья Кардапольцева-Малика Манкенова, аралас жұптар Илларион Мацымоха және Алиса Котова, Радмила Антоненко мен Денис Андриевский жеңіп алды. Бұл – Қарағанды гимнастика мектебінің ұзақ жылдық тәжірибесінің жемісі.
Қазір әйгілі де тәжірибелі дуэтіміз Даниэль Диль мен Вадим Шуляр әлемдік біріншіліктердің шыңын бағындырса, жас спортшылар халықаралық турнирлерге бақ сынауда, кішкентай акробаттар жарыстардан жүлде иеленіп жүр.
Тағы бір айта кетері, гимнастикадан облыс чемпионаты да өткен-ді. Оған 60 ұл мен қыз қатысты. Жарыс ерлер, аралас, әйелдер жұптары мен топтар арасында өтті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының грамота, медалімен марапатталды. Бұл олардың әлемдік деңгейдегі додаларға жасаған алғашқы қадамы екенін айта кеткен жөн.

Жәлел ШАЛҚАР,
«Ortalyq Qazaqstan»

Басқа материалдар

Back to top button