АймақЖаңалықтар

«Алтын Арба» базарының аумағында өрт шықты

Ғимаратта орналасқан фуд-корттардың бірінде өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше тілсіз жау арнайы қызметтер жеткенге дейін ауыздықталған.

Сурет: ТЖД

 

– Қарағандыда Затаевич көшесіндегі «Алтын Арба» базарында сауда және шаруа қожалығы ғимаратының екінші қабатындағы 0,3 шаршы метр аумақ өртенді. Тілсіз жау өрт сөндіру қызметі келгенше сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, эвакуациялау жүргізілген жоқ, – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт орнына жеке құрамның 21 адамы мен 5 бірлік жедел әрекет ету техникасы шыққан.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button