Спорт

Алты боксшы Азия чемпионатының финалында

Тайланд астанасы Бангок қаласында бокстан 22 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионатының финалына шыққандар анықталды, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Жартылай финалда 13 салмақтың 11-інде қазақстандық боксшылар жұдырықтасты. Соның ішінде алтауы финалға жолдама алды. Атап айтсақ, Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалықов (71 келі), Диас Молжігітов (75 келі) бар.

Ал, Талғат Сырымбетов (60 келі), Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі), Ерасыл Жақпеков (80 келі), Ерзат Бекхат (92 келі), Аманат Сабырғалилар (92+ келі) Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Финалға шыққан спортшылар саны бойынша он боксшымен Өзбекстан көш бастап тұр. Қазақстан – ІІ орында.

Басқа материалдар

Back to top button