АймақБұқар жырау

Алты аталымда атап өтілді

Биылғы Жұмысшы мамандықтары жылында Бұқар жырау ауданының ауыл шаруашылығы қызметкерлері арасында алты аталым бойынша жарияланған конкурстың қорытындысы шығарылып, аудандық Мәдениет үйінде оларды марапаттау рәсімі өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Осы салтанат үстінде оларды “Жылдың нағыз еңбек қаһармандары” деп атап өткен Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын марапат иелеріне дипломдары мен ақша сертификаттарын табыс етті.

Атап айтқанда, “Жылдың үздік ауылшаруашылық кәсіпорны” аталымында “Нұр-СХ” ЖШС басшысы Ержан Нашаровқа диплом мен 150 мың теңгенің ақша сертификаты берілсе, қалған бес аталымда жеңіске жеткендерге диплом мен 100 мың теңгеден ақша сертификаттары табысталды.

Яғни мұндай марапатқа “Үздік механизатор” аталымында “Ұлан” ШҚ механизаторы Төлеген Дүйсембаев, “Үздік комбайншы” аталымында “Желдібай” ШҚ комбайншысы Рамазан Сырлыбаев, “Үздік малшы” аталымында “Шатан” ШҚ малшысы Дмитрий Холезов, “Үздік сауыншы” аталымында “Бақыт” ШҚ сауыншысы Татьяна Верушина, “Үздік құс өсіруші” аталымында “Ақнар” АҚ құс өсірушісі Фарида Коваленко ие болды.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button