Бас тақырыпЖаңалықтар
Алматыда тағы екі балдық жер сілкінісі сезілді
Бүгін, 24 қаңтар таңғы уақытта Алматыда бірнеше жер сілкінісі болды.
Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Бірінші дүмпу таңғы сағат 05:50 кезінде болды.
Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 267 шақырым жерде, Қытай аумағында болған.
Зілзаланың энергетикалық санаты — 11.1. MPV магнитудасы — 5.0.
Тереңдігі — 5 шақырым.
Алматыда сезілген жоқ.
Екіншісі таңғы 07:35 кезінде Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде, Қытай мен Қырғызстан шекарасында тіркелді.
Энергетикалық санаты — 11.3. MPV магнитудасы — 4.9.
Тереңдігі — 5 шақырым.
Оны да алматылықтар сезбеді.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА