Алматыда тағы да жер сілкінісі тіркелді
Қазақстанның Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9.
Магнитудасы – MPV 5.3.
Тереңдігі – 5 км.
Қабылдау мүмкіндігі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезілу жоқ
– Бұл – біздің сейсмологтар кейінгі 2,5 тәулікте тіркеген алғашқы жер сілкінісі. Бұған дейінгі дүмпулер 1 ақпан күні сағат 01:21-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Магнитудасы – 4,6 болды. Ол Қазақстанда сезілмеді, – делінген ТЖМ мәліметінде.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.