АймақБас тақырыпШет
“Алмалы” кен орны жылына 9 мың тоннадан астам мыс өндіреді
Өңір басшысының Шет ауданына жұмыс сапары Алмалы кен орнында жалғасты. Мұнда облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Sary-Arka Copper Processing зауытының жұмысымен танысты.

Кәсіпорын экологиялық таза технологияларды қолдана отырып, жоғары тазалықтағы катодты мыс өндіруге маманданған. Зауыттың іске қосылуы өңірдегі түсті металлургия саласының дамуына серпін берді. Жобалық қуаты жылына 9 мың тоннадан астам мыс өндіруге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта кәсіпорында шамамен 400 адам жұмыс істейді.

Кәсіпорын директоры Асхат Мұқажанов өндірістік процестер мен өндірісті дамыту жоспарлары туралы баяндады. Сондай-ақ облыс әкімі еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшылардың сұрақтарына жауап берді.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ



