Бүгін тазалықтың көктемгі екіайлығының шеңберінде Шахтинск қаласының Жеңістің 40 жылдығы даңғылы бойындағы аллеяда “Жасыл белдеу” акциясы өткізілді.
Бұл сенбілік шараға арнайы келген облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев жиналғандар алдында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жарияланып,қолға алынған “Таза Қазақстан” акциясының маңыздылығына тоқталып,өз қолымен аллеяға қарағаш көшетін отырғызды.
Бұл күні Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков те,60 шақты еріктілер мен Шахтинск технологиялық колледжінің студенттері,ардагерлер,қалалық мәслихаттың депутаттары,”Аманат” партиясының өкілдері де акцияға белсене қатысып,300-ден астам қарағаш көшеттерін аллеяға отырғызып,ол көріктеніп қалды.
Қаладағы тазалық және абаттандыру жұмыстары одан әрі жалғаса бермек.
Ержан Имаш,
ШАХТИНСК
Суреттер автордан