Бас тақырыпЖаңалықтар

Алкоголь өндіретін 100-ден аса жасырын цех анықталды

Акцизделетін өнімдердің көлеңкелі айналымына қарсы күрес күшейеді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен дөңгелек үстел барысында белгілі болды, деп хабарлайды ortalyq.kz  Halyq Uni  сайтына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, агенттік кейінгі 4 жылда (2021-2024 жылдары) алкоголь өнімінің заңсыз айналымына байланысты 282 қылмыстық істі тіркеді.

Сурет: ratel.kz

Суррогат алкоголь өндіретін 123 жасырын цех анықталып, 3,3 млн-нан астам бөтелке, 720 мың литр спирт және құрамында спирті бар сұйықтық, 640 мың жалған ЕБМ тәркіленді, – делінген хабарламада.

ҚМА алкоголь өнімінің көлеңкелі айналымына қарсы тұру мақсатында 2026 жылы таңбалау мен қадағалауды жүйесін енгізіп, бүкіл өндіріс процесін цифрландырмақ.

Дөңгелек үстел соңында барлық мүдделі тараптардың қатысуымен ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.

Материалды әзірлеген: Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button