«Alеumet» мобильді қосымша іске қосылды

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарға арналған Alеumet мобильді қосымшасы іске қосылды. Оның көмегімен қазақстандықтар оңалтудың техникалық компенсаторлық құралдарына тапсырыс бере алады. Қосымша мүлдем тегін және App Store мен Play Store дүкенінен жүктеп алуға болады.

Болашақта қосымшаның функционалдығы кеңейеді. Басқа қызметтерге, соның ішінде шипажай-курорттық емдеуге, ымдау тілі маманына, жеке көмекшіге тапсырыс беруге болады.

2023 жылдың басынан бастап мүгедектігі бар адамдар әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) арқылы 377 мыңнан астам қызмет алды, олардың басым бөлігі оңалтудың техникалық құралдары болып табылады.

ӘҚП пайдалану бойынша консультацияларды 1414 телефоны бойынша қолдау байланыс орталығынан алуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.