Ресми

Алексей Зеленин, халықаралық бақылаушы: «Сайлаушының еркін білдіруге еш кедергі жоқ»

Қарағанды қаласындағы сайлау учаскелерінде сайлау талаптарының сақталуын арнайы халықаралық бақылаушылар қадағалауда. ТМД бойынша бақылаушы миссиясымен келген халықаралық бақылаушы Алексей Зеленин Қарағанды қаласындағы №66 сайлау учаскесін көрді.

Бұған дейін бірқатар сайлау учаскесіне арнайы барған халықаралық бақылаушы сайлау учаскелерінде сайлау талаптары мен санитарлық залалсыздандыру ережелерінің қатаң ұстанғандылығын айтты.

– Мен ТМД бойынша бақылаушымын. Ресейден келдік. Қарағанды және Қарағанды облысына 6 бақылаушы келген болатынбыз. Қазіргі таңда бірнеше сайлау учаскелерінде болдық. Одан әрі облыс аумағына барамыз. Бақылаушы миссиясын атқару өте маңызды. Әсіресе, легитимдік және сайлауды ұйымдастыру процесінде аса қажет, осы орайда бақылаушы ретінде бекітілгенбіз. Бүгін сайлау процестерінің барлығы ұтымды ұйымдастырылғанын көрдік. Ең бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтау болып табылады. Барлық сайлау учаскесінің жеке басты қорғау құралдарымен қамтылғанына, онда қатаң санитарлық талаптардың орындалуына көз жеткіздік. Үдеріс толық ұйымдастырылған. Сайлаушының еркін білдіруге ештеңе де, ешкім де кедергі келтірмейтінін, ешбір тосқауыл жоқтығын да көріп тұрмыз. Біз жұмысымызды жалғастырамыз. Жұмыс барысында, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген барлық заңдық талаптар сақталады деген үміттеміз, – деді халықаралық бақылаушы Алексей Зеленин.

Басқа материалдар

Back to top button