Спорт

Александр Бублик ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Галле (Германия) ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

 

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 7-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевпен бас жүлдені сарапқа салды. Осыған дейін А. Бублик жеті рет ATP жарыстарының финалына шығып, соның біреуінде ғана, өткен жылы Монпельеде жеңімпаз атанған еді. Оған қоса, ATP 500 деңгейінде финалға алғаш рет өтіп отыр.

Матчты брейкпен сәтті бастаған қазақстандық теннисші бірінші сетте сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Екінші партияда есеп 3:2 болған мезетте ресейлік спортшы брейк жасап кетті – 6:3. Үшінші, шешуші сетті А.Бублик брейкпен бастады – 2:0. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Бублик 21 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 11 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Осылайша, Александр Бублик өз спорттық жолында алғаш рет ATP 500 додасының чемпионы атанды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button