Ресми

Алдын-ала болжам: AMANAT көш басында 

Орталық сайлау комиссиясында парламенттік сайлаудың алдын ала қорытындысы шығарылды.

Сонымен, сайлаудың алдын-ала нәтижесі бойынша 98 депутат креслосының 69 орнына үміткер 7 партияның ішінде көш бастаған AMANAT партиясы болды. Сайлаушылардың 53,90 пайыз дауысына ие болған бас партиядан кейінгі орынға «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы жайғасты. 10,90 пайыз сайлаушылар дәл осы партияға сенім білдіріп, дауыс берген. «Жаңа адамдар – жаңа қадамдар» ұстанымындағы Respublica партиясы құрылғанына жыл толмаса да сайлаушылардың сеніміне ие болып үлгерген тәрізді. Себебі, 10,90 пайыз жинаған «Ауыл» партиясынан кейін үшінші орынға табан тіреген бұл партия сайлаушылар дауысының 8,59 пайызына ие болған. Ал, Қазақстан халық партиясы – 6,80 пайыз, «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30 пайыз, Қазақстанның «Ақжол» демократиялық партиясы – 8,41 пайыз, жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20 пайыз дауыс жинаған. 

Биылғы сайлаудың тағы бір ерекшелігі – бес түрлі бюллетеньмен қатар, әр бюллетеньде «барлығына қарсы» бағаны болғанын ескерсек, тұрғындардың 3,90 пайызы дәл осы бағанды белгілеген. 

Ал, Қарағанды облысынан Парламент Мәжілісі депутаттығына№18 сайлау округінен сайлаушылардың 132 471 дауысына ие болған Құдайберген Бексұлтанов өтсе, 19 сайлау округінен Арман Қалықов өтті. оған 145 228 сайлаушы дауыс берді.

Салтанат ІЛИЯШ,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button