Алдымызда маңызды қадам тұр
Алдымызда ел дамуы үшін айрықша мәні бар маңызды кезең тұр. Алдағы республикалық референдум – мемлекетіміздің бағыт-бағдарын айқындайтын, әр азаматтың үнін еститін тарихи мүмкіндік. Сондықтан, баршаңызды осы жауапты сәтте белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырамын.

Ата Заң – тәуелсіз еліміздің темірқазығы, құқықтық жүйеміздің негізі. Ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар қоғам сұранысына сай жаңғыруға, әділдік қағидаттарын орнықтыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Бұл – болашақ ұрпақ алдындағы ортақ жауапкершілігіміз.
Референдумға қатысу – тек құқық емес, бұл – Отанға деген жанашырлықтың көрінісі. Әрбір берілген дауыс ел ертеңіне деген сенім мен бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымды білдіреді.
Айдос ҚУАНЫШБАЕВ
Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары



