Бас тақырып

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК-сы алдағы үш күннің ауа райы болжамын жариялады.

Сурет stan.kz

Алдағы үш күнде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн құбылмалы болады.

Елдің басым бөлігінде найзағай ойнап жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста және республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынсыз, ыстық болады. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста түнгі және таңғы уақыттарда тұман түседі.

Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық – 36-41 градусқа дейін, ал оңтүстік-шығыста 32-39 градусқа дейін болады. Батыс Қазақстанда ауа температурасы төмендейді: түнде 12-23 градус, күндіз 25-37 градус жылы. Қалған аумақта ауа температурасының біртіндеп көтерілуі болжанады.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button