Бас тақырып

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 1, 2 және 3 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Сурет halyq-uni.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, демалыс күндері батыс аймақтарға циклон әсер етіп, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттар ықпалынан қар жауып, боран соғады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.

2 наурызда республиканың солтүстік-батысында қар жауады, 2-3 наурызда оңтүстікте, 3 наурызда оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Ауа температурасы:

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстікте түнде -8…-23°C;
Шығыста, орталықта түнде -10…-26°C;
Оңтүстікте түнде -2…-15°C;
Оңтүстік-шығыста түнде -3…-10°C, таулы аймақтарда -12…-20°C.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button