Ресми
Алдағы үш күнде ауа райы қалай өзгереді?
Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жырасы әсер етеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

– Ертеңнен бастап Қазақстан аумағына ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклон жырасы әсер етеді. Алдымен ол республиканың батыс аймақтарына, ал 24 желтоқсаннан бастап еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын жаңбыр мен сулы қар, тұман, көктайғақ, солтүстік аймақтарда бұрқасын мен желдің күшеюі күтіледі. Тек еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, – делінген Қазгидрометтің хабарламасында.
Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.