Жаңалықтар
Алдағы күндері елімізде үскірік аяздың беті қайтады
«Қазгидромет» РМК ұсынған болжамы бойынша, ертеңнен бастап еліміздегі аяздың беті қайта бастайды.
Еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады.
Қазақстанның басым бөлігінде аяздың беті қайтып, аздаған қар жауып, күн жылына бастайды.
Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында құбылмалы ауа райы сақталады: қар жауып, көктайғақ болады және жел мен бұрқасын күшейеді. Республика бойынша түнде және таңертең тұман күтіледі.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА