Бас тақырып

Алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Синоптиктер 20, 21 және 22 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде боран мен көктайғаққа болады.

– Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, 22 қарашада батысы мен солтүстік-шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшейіп, тұман болжанады, – деп хабарлады синоптиктер.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді, деп толықтырды Қазгидромет.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button