Бас тақырып
Алдағы күндері 20 градусқа дейін күн жылынады
Қазгидромет синоптиктері 17, 18 және 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы біртіндеп жоғарылай береді.
– Алайда елдің солтүстігінде, сондай-ақ оңтүстіктегі таулы аймақтарда ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Республика бойынша тұман түсуі мүмкін, – деді синоптиктер.
Күндіз ауа температурасы елдің батысында 10–15 градусқа дейін, оңтүстігінде 15–20 градусқа дейін, ал солтүстік пен шығысында 3–8 градусқа дейін жылынады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



