Бас тақырып

Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

“Қазгидромет” РМК деректері бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады,  жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

Тек батыста, сондай-ақ 2-3 желтоқсанда республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклон тарамының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Температуралық тыныста айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button