Жаңалықтар
Алаяқтардан абай болайық
Қарағанды қаласы Ә.Бөкейхан атындағы аудандық полиция бөліміне 52 жастағы қала тұрғыны белгісіз біреудің ақпараттық жүйеге заңсыз кіріп, атына 1 млн. 800 мың теңге несие ресімдегенін айтып арызданған.

Жәбірленуші бұл туралы банктен ай сайынғы төлемді төлеу қажеттілігі туралы хабарлама келген кезде бір-ақ білген. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы күдікті әйелді ұстады. Ол қылмысын мойындап, бүгінгі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ



