Бас тақырыпБасты тақырып
Алаяқтар айыппұл туралы жалған хабарлама таратуды бастады
Қазір кейбір алаяқтар жол ережесін бұзғаныңыз туралы жалған әкімшілік қаулыларды электронды хаттар мен мессенджерлер арқылы таратуда. Онда сіздің аты-жөніңіз, көлік нөміріңіз көрсетіліп, “айыппұлды төлеңіз” деген сілтеме беріледі.

Бірақ мұндай хабарламалар – фишинг схемасы. Егер сілтемеге өтіп, банктік картаңыздың деректерін енгізсеңіз, қаскүнемдер сіздің есепшоттарыңызға қол жеткізіп, қаражатыңызды алып қоюы мүмкін. Кейбір сілтемелер құрылғыға зиянды бағдарламаларды жүктеп, жеке деректерді ұрлауға бағытталған.
Полиция ескертеді:
- Ресми айыппұл туралы хабарламалар тек 1414 қысқа нөмірінен келеді.
- Мұндай хабарламаларда ешқандай сілтеме болмайды.
- Айыппұл жағдайын тек kz порталы немесе банк қосымшалары арқылы тексеріңіз.
Егер сізге 1414 нөмірінен айыппұл туралы хабарлама келіп, сол хабарламада төлемге арналған сілтеме көрсетілсе – оған өтпеңіз! Бұл – алаяқтыққа ұмтылыс.
Жамал АКПАРОВА